bannerqaz

Берсең балаға бер, айтып жүрер

Жаңа жыл – отбасылық мереке деп жатады әдетте. Алайда, жұмысбасты болып жүрген ересектерден гөрі сол мейрамды жас бүлдіршіндер көбірек күтетіндей.

Өздерінің балаң қиялдары мен аппақ армандары орындалып, көптен күткен тәтті сыйлықтарын Аяз ата мен Ақшақардан дәмете құмартып, мерекелік ертеңгілік болатын күнді асыға күтіп жүргендері әйтеуір.

Иә, аудан аумағында орналасқан барлық мектептер мен балабақшалардың барлығында да жаңа жылдық ертеңгіліктер мен салтанатты шаралар өткізіліп, жасыл шырша жағылып, балалар үшін күнде думан болған күндер артта қалды. Алайда, өздерінің тікелей құзыретіндегі, анығында ерекше білімді қажет ететін балаларға арнап №4 Исатай аудандық педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің де көппен бірге осындай ерекше шара өткізгенін айтуға тиіспіз.

Аудандық «Жалын» мәдениет үйінде ұйымдастырылған жаңа жылдық кеште аталған мекеменің басшысы Сайрангүл Бөлекованың өтінішін жерге тастамай, қызу қолдап, демеушілік жасаған «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы атынан аталған басқарманың бас инженері Қайнар Қоданов мен басқарманың кәсіподақ комитетінің төрағасы Самат Қабделов және «Сазанқұрақ» ЖШС өкілі Бауыржан Бақытжан арнайы келіп, 90 балаға сый-сияпат жасады. Қуаныштың табы жүздерінен көрініп, өздері үшін мерекелік кеш өткізген аға-апаларына риза болған балаларға арнап «Жалын» мәдениет үйінің қызметкерлері мен «Аққайың» үлгілі бишілер тобы «Ертегілер елінде» деп аталатын ертегі қойып, шара соңы ән-күйге ұласты.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ Беттегі суреттерді түсірген

Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz