bannerqaz

Бес айда 505 адам жұмысқа орналасты

2018 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы Исатай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты көрсеткіштері

Өндіріс
Ауданымыздағы өндірілген өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,8% құрады. Өткен уақыт ішінде 464,0 мың тонна мұнай өндірілді. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі аудан бойынша 70,7 млрд. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы
2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында ет, сүт өндіруде және мал басы санында алдыңғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда өсуі байқалады. 2018 жылдың 1 маусымымен өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 4,5%, қой-ешкі 0,3%, жылқы 5,6% және түйе 0,7% өсті. Ауданның барлық шаруашылық санаттары бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндіру - 1,5%, және сүт 1,0% артты.


Негізгі капиталға салынған инвестиция
Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5934 млн. теңге, құрылыс жұмыстарының көлемі 697 млн. теңгені құрады. Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 8489 шаршы метр, оның ішінде халық қаражаты есебінен 8489 шаршы метрді құрады.


Сауда
2018 жылдың қаңтар-мамырға бөлшек сауда көлемі 487,8 млн. теңгені құрады.


Еңбек нарығы
2018 жылдың 1 маусымына жұмыссыздардың саны 783 адамды құрады (жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мәліметі бойынша). 2018 жылдың қаңтар-мамырына 505 адам жұмысқа орналастырылып, оның ішінде 251 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 208 адам тұрақты жұмысқа, 24 адам әлеуметтік жұмысқа және 22 адам жастар тәжірибесімен жұмысқа тартылды. 13 адам кәсіби мамандық алу үшін оқуға жіберілді.

Кенжебай АБДУЛЛИН,
аудандық статистика басқармасының басшысы

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz