Бірі жүлдегер атанып, бірі алғыс иеленді

Әлеуметтік сала – ең бір жұмысы күрделі салалардың бірі десек болады.

Сол істе тер төгіп жүрген қарапайым ғана әлеуметтік қызметкерлердің де оған қосып жүрген үлесі аз емес. Қамқорлыққа зәру, көмекке мұқтаж жандардың тілін тауып, өзін қоғамның бір мүшесі ретінде сезінуіне бар жан-тәнімен жұмыс қылып жүретін сондай жандардың өзін де қолдап, қолпаштап отырудың еш артығы жоқ деп білеміз. Қараша айының 12-26-сы аралығында облыс орталығында «ATYRAY» арнасының ұйымдастыруымен өткен «Үздік әлеуметтік қызметкер - 2018» байқауының да көздегені осы еді.

Аталмыш сайысқа қатысушылар қатарында біздің ауылдық округтің мүмкіндігі шектеулі ерекше қабілеті бар балалармен жұмыс жасайтын әлеуметтік қызметкерлері Валя Ғұбашева мен Алтынгүл Балпанова да болды. Сайыстың нәтижесінде оған белсенді қатысушылардың бірі В.Ғұбашева (сол жақта) жүлделі бірінші орынды иеленіп, арнайы дипломмен марапатталса, А.Балпановаға (оң жақта) алғыс хат табыс етілді. Сөйтіп, бір округтен қатысушы екі бірдей қызметкердің еңбегі елеусіз қалмауы біздің де мерейімізді асырды.

Ақтоты БАЛМУЛДИНА,

Аққыстау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521