«Бірыңғай қабылдау күні» жәрмеңкесі

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен нәтижелі және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламаны түсіндіру мақсатында жастарды, жұмыссыздар мен аз қамтылған, өздігінен жұмыс істейтін тұлғаларды тарту жөніндегі бірлестіктер жұмыстарының жүзеге асыру бойынша азаматтарды «Бірыңғай қабылдау күні» республикалық жәрмеңкесі өткізілді.

Оған 10-нан астам мекемелерден 227 бос жұмыс орны сұранысына 60 шақты жұмыссыз тіркелді. Жұмыс іздестіріп келген тұрғындар кәсіпорындар мен мекеме өкілдеріне өз түйіндемелерін ұсынып, мамандықтары бойынша керекті ақпараттар ала білді. Көпшілік алдында сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айбатыр Бекішұлы мекемелермен таныстырып, еңбек етуге ниетті азаматтарға жәрмеңкенің маңыздылығын атап өтті.

Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521