«Бізде бәрі жақсы, сенатор мырза!»

Қазақстан Парламенті Сенатына Атырау облысынан сайланған депутат Ғұмар Дүйсенбаев – өңіріміздің тұрмыс-тіршілігін бір кісідей білетін азамат.

Былтырдың өзінде 2-3 рет келіп, халықпен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, ұсыныс-ескертпелерін тиісті орындарға жеткізу үшін жазып алып кеткен болатын. Биыл да Парламент депутаттарының өңірлерге арналған жұмыс жоспарына сәйкес өткен жексенбі күні ауданымызға келіп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталған әлеуметтік нысандардағы жұмыс барысымен танысып қайтты.

g

g

a

Көптен бері шешімін таппай, биыл ғана қаржысы бөлініп, тендерлік рәсімдері анықталып, құрылысы басталған Амангелді елді мекеніне арналған ауыз су құрылысы мен Зинеден ауылында демеушілік қаржыға салынған 100 орындық балабақша құрылыстарымен танысқан депутат өңірде атқарылып жатқан істерге толайым ризашылығын білдіріп, аудан әкіміне алғыс айтты.

g

g

Одан әрі былтыр ғана ашылған Исатай батыр атындағы шекаралық әскери заставаға барып, ондағы әскерилердің тұрмыс-тіршілігімен танысып, оларды не толғандырып жүргенін сұрады. Застава командирінен «Бізде бәрі жақсы, сенатор мырза!» деген жауап алған депутат ырза болып, сарбаздармен суретке түсті. Сонымен бірге Каспий теңізі жағасынан келешекте салынатын 500 орындық емдеу-сауықтыру лагерінің бас жоспарымен танысып, өзімен бірге ілесіп келген облыстық мәслихаттың депутаттары Өмірзақ Зинуллин мен Сайын Қуанышкереевпен бірге аталған жобаны қаржыландыру жөнінде кеңесіп, аудандық әкімдікке қолға алынған жобаларды одан әрі дамыту жөнінде бірқатар ұсыныстар берді.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521