Еңбектері еленген күн

Күні кеше «Жалын» мәдениет үйінде өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиында ауданымыздың бір топ азаматтары мен еңбек ардагерлері және салалық мекеме жұмысшылары Мемлекет басшысының, облыс, аудан әкімдерінің марапаттарына ие болды.

Аудан әкімі Марат Мурзиев аудандық мәслихат аппаратының басшысы Жансих Маштаховқа, «Қазтелеком» АҚ Атырау облыстық телекоммуникация дирекциясы аудандық учаскесінің бастығы Сисенбай Арыстановқа, аудандық орталық ауруханасы КММ кіші медицина қызметкері Лайла Қазиеваға, Аққыстау ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Сәуле Құттығұлқызына Мемлекет басшысының Жарлығымен шыққан «Астана-20 жыл» медалдарын табыстаса, ал мемлекеттік қызмет саласының ардагері Амангелді Салахов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арманбек Махмутов, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының директоры Жеңісбек Қабиев, Қамысқала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әдемі Қасымова облыс әкімінің, Жанбай ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер Салауат Қайыров, Қамысқала ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер Қайырxан Балекеев, Ю.Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қаламқас Жармұханова, Аққыстау ауылдық «Қамысқала СуАрнасы» ЖШС-нің шебері Райымбек Әміров аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521