Елдің ықыласы ерек көрінді

Бүгін ауданда Исатай ауданының Құрметті азаматы, халық емшісі Рысбай Зинеденұлы Құрасовты еске алуға арналып өткізілген шаралар өз мәнінде ұйымдастырылған, Рысбайдай асыл азаматына деген ел ықыласы ерек көрініс берген игілікті іс болды.

Оның бастауында аудандық Зинеден ата мешітінде аруақтарға арналып дұға бағышталды. Ал «Жалын» мәдениет үйіндегі «Шапағаты шуақты шипагер» аталған еске алу кешінде «Сағынышқа айналған сәулелі ғұмыр» бейнебаяны қалың көпшілік назарына ұсынылды, сөз алғандар асқарлы 60 жасқа толар Рысбай аға туралы толғанысты ойларын ортаға салды, сағыныш сазын төккен сырлы әндер мен «Зинеден» күйі де көптің көңілін тебірентіп-ақ кетті.

Cонымен қатар, Тотаралдағы бәйгетөбеде ат жарысы ұйымдастырылып, жорға жарысында үш, аламанда отыз бес жүйрік бағын сынады. Нәтижесінде жорға жарысында да, аламанда да Зинеден ауылдық округінен тіркелген Жандарбек Жанбаланың иелігіндегі Мақпал қара мен Сүлік қараның жолы болып, жорғасы 500 мың теңгелік бас бәйгені иеленсе, жүйрігі бас байрақ - автокөлікті олжалады.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521