bannerqaz

«English fo zhastar» - тіл үйренуге тамаша мүмкіндік

Жасотандықтар әрдайым «Нұр Отан» партиясының әрбір жобасына белсене араласып, оларды жүзеге асыруда өз белсенділіктерін танытып келеді.

Өз тіліңді білумен қатар, өзге тілді де меңгере білу – қазіргі заман талабы. Осы орайда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ағылшын тілін тегін оқытуды қолға алған болатын. Осы партиялық жобаға жасотандықтар да өз үлесін қосуда. Атап айтар болсақ, жаз айында «Жасыл ел» еңбек жасағында қызмет еткен ағылшын тілі мамандығы бойынша білім алып жатқан студент жастарымызды тарта отырып, оқушылар, жастар арасында Аққыстау орта мектебі базасында тегін ағылшын курсы ұйымдастырылды. Нәтижесінде екі ай ішінде 40-тан аса жас курстан өтті. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы қолға алып жатқан тағы бір үлкен жоба «English fo zhastar» деп аталады. Бұл пилоттық жоба 15-ші қыркүйек күні басталды және 3-қарашаға дейін жалғаспақ. Айта кетейік, бұл жобаның мақсаты - 9-10-11-сынып оқушыларына тегін ағылшын тілін үйрету. Аталған шара оң нәтиже беретін болса, алдағы уакытта ауданның барлық мектептерінде де жүзеге асырылмақ.

Гаухар ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы,

«Жас Отан» жас-тар қанаты аудандық филиалының жетекшісі

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz