bannerqaz

Ерлікке тағзым – елдік іс

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылуымен ауған соғысы аталып жүрген әскери қақтығыстарға да нүкте қойылды. Міне, оған да биыл 30 жыл толып отыр. Он жылға созылған осынау соғыста ерлік дәстүрге адалдық танытқан ардагерлерге бүгін де көрсетілер құрмет көп.

Ауданда өткен аптадан бастап жалғасып жатқан осынау датаға орайғы шаралардың бастысы десе де болғандай бір жиын аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен кеше түстен кейін аудан орталығында ұйымдастырылды.

Ерлікке тағзым – елдік істің бірі десек, адагерлер саябағындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға және хабарсыз кеткендерге арналған ескерткіш-монументке гүлдестелер қою рәсімі соның бір көрінісіндей болды. Аққыстау орта мектебінің әскери-патриоттық клубы мүшелері құрметті қарауылға тұрған рәсімде саябақта арнайы сап түзеген жиналғандар гүлдестелерін қойып, құрметтерін танытты. Аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айбатыр Бекішұлы, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ботагөз Құлғалиева, ауған соғысы ардагерлері бастаған сап құрамында салалық бөлімдер басшылары, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім, аудандағы білім беру мекемелері өкілдері, оқушылар бар еді.

Шаралар легі «Жалын» мәдениет үйіндегі «Ұрпаққа үлгі болған ұлы ерлік» атты кездесу кешіне ұласты. Жиналғандар ауған соғысына қатысушы 11 жерлесіміздің арасынан бақилық болған екі ардагердің, ауған жерінде қаза болған жауынгерлер мен шара өткен күні жер қойнына берілген сол соғыстың «қара майор» атанған атақты батыры Борис Керімбаевты бір минут үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ ортамызда жүрген, салтанат төрінен табылған тоғыз ардагердің есімі үлкен құрметпен аталды. Алғашқы сөзді алған аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан өмір жолы, ерлік істері жас ұрпаққа өнеге болар ауған соғысы ардагерлерін, барша ауылдастырды мерейтойлық датамен құттықтады. Ауғандық ардагерлерге «Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл» мерекелік төсбелгісі мен аудан әкімінің тілек хаты табысталып, гүлшоқтары ұсынылды. Сондай-ақ, от ортасынан аман оралғанымен, бұл күнде бақилық болған ардагерлер Жұмат Абуов пен Әлімғали Мұқановтың жесірлері Қалима Сәрсенғалиева мен Айбарша Сыралиеваға да аудан әкімінің тілек хаттары табыс етілді. Ардагерлерге аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Ғабдіжәлел Ниязалиев те құттықтау хатын ұсынды, ардагерлер атынан Ғалихан Шамаров көрсетілген барша құрметке ризашылығын жеткізді.

Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

Жоламан Дәулетияр

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz