bannerqaz

Ерназ – жігіттің сұлтаны

Жақында Атырау қаласында облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің ер мұғалімдері арасында облыстық «Жігіт сұлтаны-2018» байқауы өткізілді.

Бұл байқаудың негізгі мақсаты ер мұғалімдердің шығармашылық ұмтылыстарын қолдау, кәсіби өсулеріне көмек көрсету және осы мамандық бойынша олардың мәртебесін көтеру болатын. Аталған байқауға облыс бойынша 7 ауданнан және қала мектептерінен барлығы 15 педагог ұстаз қатынасты. Байқау «Таныстыру», «Қайратты мұғалім», «Шебер мұғалім», «Өнерлі мұғалім» кезеңдері бойынша өткізілді. Төрт айналымнан тұрған бұл сайыста ауданымыздың намысын қорғаған Өркен орта мектебінің алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімі Ерназ Ермұханов барлық кезеңдер бойынша оқ бойы алда болып, өз мықтылығын дәлелдеп, Бас жүлдені қанжығаға байлап қайтты. Ерназға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, әрдайым биік белестерден көрінуге тілектеспіз.

Ринат ЕСҚАЛИЕВ,

аудандық білім бөлімінің әдіскері

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz