Инватакси қызмет көрсете бастады

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қолайлы жүріп-тұруына арналған көлік қызметін ұйымдастыру көптен ойда жүрген жүрген мәселе болатын. Өйткені, өздігінен жүре алмайтын, арбаға таңылған немесе бала жасынан сал ауруымен ауыратын кембағал жандардың діттеген жеріне еркін жете алмай қиналатыны аудандық газеттің өткен жылғы санының бірінде жазылды да.

Жалпы еліміз бойынша 2014 жылдан бері қолға алынған бұл қызмет түрі әр жылдары әр өңірлерде әрқалай қолға алынып келеді. Қайсібір өңірлерде кенже дамыса, кейбір өңірлер бұл мақсатқа қаржы көзін қарастырып, мүгедектер үшін тегін такси ұйымдастырып, осы бір қамкөңіл, мүмкіндігі шектеулі жандардың алғысын алып жүр.

Облыста бүгінгі күні Индер, Мақат аудандары алғаш болып қолға алған бұл әлеуметтік бастаманы Исатай ауданы да былтырдан бастап жүйелеп, бір ізге түсіруге күш салып келеді. Оған дәлел – ауданішілік мүгедектерді тасу қызетінің ашылуы болатын. Бала жасынан мүгедектер мен І топ мүгедек азаматтарды тасуға бүгінде аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматты хал актілерін тіркеу бөлімі қаржы бөліп, «Қазақ соқырлар қоғамы» аудандық филиалының қолдауымен бүгінде Жанбай ауылынан 1, Аққыстау ауылынан 2, барлығы 3 автокөлік жалға алынып, бұл бағыттағы жұмыс басталып та кетті. - Әзірге мүгедектер маған тапсырыс беріп жүр. Бірақ жақын күндері арнайы бөлме берілуі тиіс, сол кезде диспетчер байланысын ашамыз, - дейді филиал төрағасы Құттыбай Рахметов.

- Өздігінен қозғалып, жүре алмайтын барлық мүдектер де бұл қызмет түріне пайдалана ала ма?

- І топтағы және көзі көрмейтін ІІ топтағы, бала жасынан мүгедек 35У нысанды құжаты бар мүгедектер бір күн бұрын маршрутын айтып, тапсырыс берсе, келесі күні келісілген сағатында көлік жібереміз. Көлікпен аурухана, дәріхана, спорт мекемелері, «Нұр Отан» партиясы ғимараты, сот, прокуратура және әкімдік ғимараттарына ғана баруға құқылы. Өз шаруасымен, қонақтыққа немесе базарға баруына болмайды. Аптаның 5 күнінде таңертеңгі сағат 9.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін қызмет көрсетіледі.

- Инватакси қызметін барлық ауылдық округтің тұрғындары ала ала ма?

-  Әзірге Жанбай, Аққыстау, Тұщықұдық, Қамысқала ауылдық округтерін қамтып тұрмыз. Алдағы уақытта Нарын, Забурын, Исатай ауылдқ округтеріне де көлік шығарылады. Мәлімет үшін айта кетсек, ауданда бүгінгі күні барлығы 780 мүдек бар, оның 120-сы 18 жасқа толмаған балалар.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521