bannerqaz

Исатай аруы анықталды

Елбасының биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялануына орай «Жалын» мәдениет үйінде «Исатай аруы - 2019» сайысы өткізілді.

Қазақ қызына тән адамгершілік пен адалдық, әсемдік пен әдемілікті таныту мақсатында ұйымдастырылған шара шарт бойынша төрт кезеңге бөлінді. Алғашқы сөз кезегін алған аудандық мәдениет және тілдерді  дамыту бөлімінің басшысы Мүтиғолла Насиханов барша көрермендерді қазақтың жаңа жылы көрісу мерекесімен құттықтап, қатысушы аруларға сәттілік тіледі.

«Мен қазақтың қызымын» атты алғашқы бөлімде аруларымыз өз-өздерін таныстырса, ал ІІ бөлім «Ана көрген тон пішер» деп аталды. Мұнда арулар қол өнер сайысы бойынша сынға түсті. ІІІ бөлім «Білгенге маржан» деп аталып, салт-дәстүрлер туралы сұрақтар қойылып, қатысушылардың білім деңгейі тексерілді. Соңғы бөлім болып саналатын «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде әр қатысушы өз өнерімен дүйім жұртты тәнті етіп, ерекше ықыласқа бөленді.

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша Х.Ерғалиев ауылынан Аңсаған Отарғалиқызы «Шебер ару», Тұщықұдық ауылынан Таңшолпан Болатқызы «Өнерлі ару», Зинеден ауылынан Зарина Бекмұратқызы «Білімді ару», Жанбай аулынан Айдана Ақылбекқызы «Инабатты ару», Нарын ауылынан Ұлдана Болатқалиқызы «Көрермен көзайымы», Аққыстау ауылынан  Асылзат Балтабекқызы «Парасатты ару» атақтарын иеленсе, Исатай ауылынан келген аруымыз Альбина Әнбиғақызы «Исатай аруы - 2019» атағына ие болды.

Сайысқа қатысушыларымызға ұйымдастырушылар атынан арнайы дипломдар мен сый-сияпаттар табыс етілді.

Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz