Исатай ауданында қоғамдық кеңес алғашқы мәжілісін өткізді

Бүгін Исатай аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті мәжілісі болып өтті.

Кеңестің жаңа жылдағы алғашқы алқалы бұл басқосуына оның мүшелері түгел дерік келіп, ауылдық округтер әкімдері, мекемелер мен бөлімдер басшылары қатысты.

qogam-nur

Кеңес төрағасы Жансих Маштахов ашып, жүргізіп отырған мәжілісте аудан әкімінің «Исатай ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылғы міндеттер туралы» есебі, аудандық мәслихат хатшысының 2019 жылы атқарған жұмыстары және аудандық қоғамдық кеңес төрағасының 2019 жылы атқарған жұмысынан есебі тыңдалып, талқыланды, тиісті шешімдер алынды.

Мәжілісте сондай-ақ «Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 19 қарашадағы №285-V «Исатай ауданында тұратын азқамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралып, аудандық кеңестің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521