bannerqaz

Исатай мен Забурын біріге ме?

Исатай мен Забурын ауылдық округтерін қосып, оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп, кадрлар қысқартылады, аталған өңірлерге бөлінетін қаржы да тоқтап қалады екен деген қауесет шығып, ел ішінде гу-гу әңгіме желдей есіп жүргені шындық.

– Ол мәселе әлі түбегейлі шешілмеген, тек жоба ретінде қарастырылып жатқан ақпарат, - деді кеше Зинеден ауылдық клубында өткізілген өңір халқымен кездесуі кезінде аудан әкімі Марат Мурзиев.

Негізі, 1993 жылы ел Парламентімен бекітілген арнайы заң бар екен, ол заң бойынша құрамында шағын елді мекендері жоқ, өзі дербес тұрған ауылдық округтер таратылып, қасындағы ірі округке қосылу керек көрінеді.

- Осы заңға сай біз қазіргі кезде құрамында елді мекені жоқ Исатай ауылдық округін таратып, Забурын ауылдық округіне қосып, екі шағын округтен бір ірі округ жасауымызға да болады. Ол - ісіміз заңды. Дегенмен, қайталап айтам, бұл жай ғана ойға алынған жоба. Егер ірілендіру үдерісі жүзеге асқан жағдайда да өңірлерге бөлінетін қаражат ешбір азайтылмайды, инфрақұрылымдар мен әлеуметтік нысандарға қаржы бөліну еш кемімейді. Ол үшін дау көтеріп, алаңдауға негіз жоқ, - деді әкім.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz