Исатайлықтар мерекелік эстафетаны Индер ауданына жолдады

Бүгін Исатай ауданының орталығы - Аққыстау ауылында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күні мерекесіне арналған эстафеталық шара өтті.

«Бәйтерек» алаңында ұйымдастырылған эстафеталық шара «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айғағы, халқымыздың мәртебесі» деп аталды. ҚР мемлекеттік Туын салтанатпен кіргізіп, мемлекеттік Гимнмен ашылған шараның алғысөзі аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежанға жолданды.

- Осыдан 27 жыл бұрын еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының музыкалық редакциясы туралы тарихи құжаттарға қол қойған болатын. Содан бері бұл күн жыл сайын елімізде Мемлекеттік рәміздер күні болып аталып келеді. Рәміздеріміз – еліміздің егемендігіміз бен Тәуелсіздігіміздің, халқымыздың бірлігі мен мемлекеттік биліктің бөлінбес атрибуты. Қыран бейнелі көк Туымыз, шаңырақ шырайлы Елтаңбамыз, әуені асқақ Әнұранымыз әдемі мәтінімен дүние есігін ашты, - деген аудан әкімінің орынбасары тұрғындарды мерекемен құттықтап, бұл шараның облыстағы барлық аудандарда белгіленген кестеге сәйкес жалғасын табатынын қаперге берді.

r

Мерекелік шарада аудандық «Жалын» мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты. Сондай-ақ Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері көпшілікке спорттық жекпе-жек түрлерінің әдіс-тәсілдерін ұсынды. Аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Мүтиғолла Насиханов өнер көрсеткен жас спортшыларға алғыс хаттар табыстады.

Шара соңында аудан жастары мерекелік эстафетаны бейнежазба арқылы Индер ауданына жолдады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521