Ішкі жолға жасанды жол кедергісі керек

Аудан әкімі Марат Мурзиев аудандағы сала басшыларының қатысуымен Зинеден, Исатай ауылдарының халқымен кездесті.

Ел ішіндегі көкейтесті мәселелер талқыланған кездесу барысында атқарылған жұмыстар мен әлеуметтік жағдайлар жайы да айтылып, тазалық мәселесі басты назарға қойылды.

jiinn

Сондай-ақ ауылдық округ тұрғындарымен кездесуде қысқа дайындық, малдың жемшөбі, каналдарға су айдау, шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері талқыланып, ауыл тұрғындары атынан ұсыныстар айтылды. Мәселен, забурындық Бақтығали Ғұбашев пен Уақит Әділов соңғы жылдары ауылдағы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, осыған дейін 5 жылдың үстінде округте әкім болған Асылан Ғұбашқа ризашылық сезімін білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тілесе, Алдаберген Жанаділов ауылда жазғы маусым кезінде техникалық су құбыры жүргізілсе деген тілегін жеткізді. Исатайда өткізілген жиында да ауыл тұрғындары өзекті мәселелерге тоқталып, шешімін күтетінін айтты. Ауыл тұрғыны Жеңіс Қарабалин қазіргі уақытта жаңартылып жатқан электр желісі бағаналары тек көшемен ғана өтпей, әр үйге жеткізілсе деген тілегін айтса, Өтепқали Әміров ауылішілік тас жолға жасанды жол кедергісі керек деген пікір қосты.

Жиын соңын ауыл ақсақалдары қорытындылап, бүгінгі таңда ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға алғыстарын білдіріп, қолдау көрсететіндерін жеткізді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521