Үйсіз болсаңыз, кезекке тұрыңыз

Бүгін аудандық орталықтандырылған кітапханада аудан әкімінің ашық есік күні өтті. Онда аудан әкімі мен орынбасарлары және басқа да бөлім басшылары тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ түрді.

Тұрғындардың басым бөлігінің айта келген бұйымтайы – баспана мәселесі. Оған, әрине, жауап біреу: тұрғын үй кезегіне тіркеліңіз, тіркеуде тұрсаңыз кезек келгенше күтіңіз.

Жанбайлық Ақбөбек Өтебаева ауылының арғы бетінде тұрады екен. Мектепке балалардың қатынауы қиын. Ал, балаларды тасымалдайтын мектеп автобусын бала тасымақ түгілі қарасын үйінің маңынан көрмепті мүлдем. Тағы бір түйткіл – баспана.

a

– Үйім - ескі. Тұрғын үй кезегіне 2007 жылы тіркелгенбіз, - деген оның осыған дейін үй ала алмай жүргеніне бастапқыда таңырқағанбыз. Сөйтсек, былтыр оған үй кезегі келіп, алпыс пәтерліктен жаңа баспана ұсынылған. Дегенмен қожайын аудан орталығына келуді қаламаса керек, болмаса «ескі үйлеріңіз мемлекетке өтеді» деген соң ба, әйтеуір, баспанадан бас тартыпты. Ал, мектеп автобусының балаларын тасымалдай алмай отырған себебі ол жаққа көлік бара алмайды екен. Мектепке тасымалдауды үйлестіруді, оң шешімін таппаса, баланы ата-анасының келісімімен Х.Ерғалиев ауылындағы мектеп интернатына қабылдатуды, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы С.Беркалиеваға табыстады.

Биыл мектеп бітіргелі отырған аққыстаулық Қарақат Ишанғалиеваны нағашы әпкесі дәрігер мамандығы бойынша тегін оқытуды сұрап келіпті. Әкесі де, анасы да жоқ Қарақатқа қамқорлық қылуды ниет еткен аудан басшысы бұл мәселені шешу жөнінде тиісті мамандарға тапсырма берді. Айтқандай, Қарақатқа баспана да тиетін болып шықты. Тұрғын үй тізімінде 7 жетім бала тұрса, олардың жетеуінің де кезегі келіп отыр. Өркен ауылындағы құрылысы басталған 60 пәтерлік үш үй келесі жылдың орталарында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сол уақытта Қарақат та қоныс тойын тойлап қалар.

Жалпы ашық есік күніне 6 тұрғын келіп, ұсыныстары тыңдалды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521