bannerqaz

Кәсіпкерлікке байланысты мәселеңізді тікелей эфирде айта аласыз

11-ші ақпан 2019 жылы, сағат 17:00 де кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Елеусізов Айхын Қылышұлы және қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Давлетов Руслан Ержанұлы тікелей эфир арқылы есеп береді.

Кәсіпкерлікті дамытуға арналған жоспары мен басқа да толғандыратын өзекті мәселелер туралы білгісі келген кез келген тұрғын тікелей эфирге қосылу арқылы қажетті жауабын ала алады. Сондай-ақ, оларға сұрақ немесе ұсыныс беруге де жол ашық.

2019 жылдың ақпан айынан бастап Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың басшылары Атырау облысы әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде есеп беретін болады.

Facebook : https://www.facebook.com/AkimatAtyrau

Instagram : https://Instagram.com/akimat_atyrau

 

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz