Карантиндік сертификат қалай беріледі?

1999 жылдың 11 ақпанындағы «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының №344-І Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалар біліп жүруі тиіс міндеттер бар. 

Төменде осы бір мәселелерге тоқтала кетуді жөн көреміз.

1. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың талап етуі бойынша карантинге жатқызыл-ған өнім мен карантинді объектілердің бар екендігі туралы мәліметтерді табыс етуге міндетті.

2. Өнім сақтайтын қоймаларды, егістікті, карантинге жатқызылған өнімдерді (жеміс-жидек, көкөніс, ағаш, құмырадағы гүлдер, астық, жем, т.б.) тексеруге, қажет болғанда, сараптамадан өткізу үшін үлгіні ұсынуы шарт.

3. Өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторларға, заңға сәйкес, тиісті құжаттарын көрсетуі қажет.

4. Өнім ауданға әкелінгеннен кейін түсірілетін жерінде өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторға хабарлап, карантиндік қараудан өткізіп, карантиндік тексеру актісін жасақтауы керек.

Карантинге жататын өнімді беруге немесе оның транзитіне шарт жасасқан кезде өнім беруші уәкілетті органнан карантин шаралары туралы қажетті ақпарат алуға және карантиндік объектілердің әкелінуін алдын ала қамтамасыз ететін жағдайларды қарастыруға міндетті.

Алдымен фитосанитариялық сертификат алуға аудандық аумақтық инспекцияға өтінім бере алады. Өтінімде карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен саны, импортқа шығарушы елдің атауы және карантинге жатқызылған өнімнің баратын мекен-жайы, экспортталатын карантинге жатқызылған өнімге арналған шартта көрсетілген импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талабы, карантинге жатқызылған өнімді тиеп-жөнелту мерзімі мен орны, оны әкелу болжанатын импортқа шығарушы елдің шекаралық пунктінің атауы көрсетіледі. Фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің бар-жоғын зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және өз қолымен белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) растайды.

Карантиндік сертификат алу үшін жеке және заңды тұлғалар аудандық аумақтық инспекцияға өтінім береді. Өтінімде карантинге жатқызылған өнімнің атауы, баратын жері және пайдалану мақсаты көрсетіледі. Карантиндік сертификатты өнімнің фитосанитариялық жай-күйін талдау негізінде карантинге жатқызылған өнімді зерт-теген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және өз қолымен белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) растайды. Сонымен қатар өтініммен бірге жеке тұлғалар - жеке басын куәландыратын құжатын, ал заңды тұлғалар – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігін немесе анықтамасын тапсырады. Фитосанитариялық және карантиндік сертификаттардың түпнұсқалары карантинге жатқызылған өнімді жөнелтушіге беріледі. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне келсек, мемлекеттік қызметтерді алушы тиісті құжаттарын тапсырған күннен бастап карантиндік сертификаттарды беру 3 (үш) жұмыс күні ішінде, фитосанитариялық сертификаттарды беру (5) бес жұмыс күні ішінде орындалады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді алушы электрондық үкіметтің www.egov.kz және www.elisense.kz веб-порталдары арқылы өз өтініштерін жібере алады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тегін жүргізіледі. Келешекте аудан көлемінде өсімдіктер карантиніне жатқызыл-ған өнімдерге тексерістің жауаптылығын арттыру ұдайы назарда ұсталынады.

Альбина ЕРҒАЛИЕВА,

аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521