Әкелер – алтын діңгек

Қоғамдағы, отбасындағы ер-азаматтардың, әкелердің беделін көтеру мақсатында «Әке – жауапты лауазым» тақырыбында Х.Нәубетов атындағы орта мектепте аудандық әкелер слеті болып өтті.

Оған аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, әкелер қоғамдық кеңесі мен ұлдар кеңесінің төрағалары, ата-аналар комитеттерінің төрағалары, мектеп директорлары, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты. Слеттің мақсаты – әлемдік жаһандану жағдайында ұлттық құндылықтарымыз арқылы баланы тәрбиелеу басты мәселелердің бірі болып есептелетінін қоғам арасында насихаттау. Ұрпақ санасына ата-баба дәстүріне құрмет сезімін, отаншылдық, патриоттық сезімдерді қалыптастыру. Слет жұмысы арқылы әке мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы түрлі көзқарастар мен тұжырымдарды бір ортаға шоғырландыру, жаңашыл идеяларға қолдау көрсету, әкелер жұмысын жандандыру, үлгілі әкелерді насихаттау. Слетке қатысушы қонақтар алдымен мектеп мұражайындағы жәдігерлермен танысты.

Мектеп ішіндегі үлгілі мұғалімдердің кабинеттерін аралады.Бұдан кейін олар «Әке – жауапты лауазым» аталатын шараға қатысты. Онда мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Ерболатқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Р.Нәбидоллаұлы сөз сөйлеп, слетті өткізудегі негізгі мақсатқа тоқталса, әкелер өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Шара барысында әкелер Новобогат, Ю.Гагарин, Ж.Мырзағалиев, Нарын, Исатай орта мектептері оқушыларының дайындап әкелген сахналық көріністерді тамашалады. Ал Өркен орта мектебінің «Сардар» ұлдар клубының жетекшісі, облыстық «Жігіт сұлтаны-2018» сайысының бас жүлдесінің иегері Ерназ Сағынәліұлы мен Ю.Гагарин атындағы орта мектептің әкелер кеңесі мүшесі Батырхан Құрмашев бірі – терме, екіншісі халық әнін орындап берді. Сондай-ақ мектеп психологі Г.Қадыржанқызы, А.Махмутқызы, Г.Аронқызы тренингтер өткізді. Соңында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Е.Ескендірұлы қорытынды сөз сөйлеп, бір топ белсенді әкелерді аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.

Аяпберген САЛИХОВ

Суретті түсірген Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521