bannerqaz

Кикбоксшілер ерлеп тұр

Осы жылдың 16-18 наурызы күндері арасында Атырау қаласында кикбоксингтен 2004-2005 және 2006-2007 жылдары дүниеге келген жасөспірім ұл-қыздар арасында ашық біріншілік өткен болатын. 130-дан астам жас кикбоксшылар қатысқан сайыста аудандық «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының тәрбиеленушілері де жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Жаттықтырушы Руслан Хисмаевтің айтуы бойынша, Аққыстау орта мектебінің оқушысы Жарасбек Қайнолла 25 кг. салмақта 1-орын, Абай атындағы орта мектептен Назерке Жаруллина 51 кг, Аққыстау орта мектебінен Айару Төлеуіш 36 кг. салмақта 2-орын, Аққыстау орта мектебінен 48 кг. салмақта Саят Аминов пен Өркен орта мектебінен 36 кг. салмақ дәрежесіндегі Дәурен Нұрлыбек 3-орындарға ие болған.

Асхат ЖҰМАБЕКОВ, «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының директоры

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz