bannerqaz

Әлеуметке - айрықша назар

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі халықтың көкейіндегі мәселелерді қозғаған үлкен басқосу болды деп айта аламын. Ол баспасөзде жарияланып үлгермегенімен, теледидардан тыңдап, интернеттен оқып, біраз жайттарға қаныққандаймыз.

Бірден айтуым керек, маған зор әсер еткені аталған съездегі ең басты тақырыптың әлеуметтік мәселелерге арналуы болды. Өзім осы салаға зер сала жүретін әлеуметтік қызметкер болғандықтан да бұл басқосудағы айтылып жатқан мәселелерге әдейі құлақ қоя жүрдім.

Менің ойымша, съезде баяндама жасаған партия төрағасы, Елбасы Н.Назарбаев қатысушылардың да, халықтың да көп жайтқа көздерін жеткізе айтты десем болады. Әсіресе, адамдар қалыпты өмір сүруге табыс табуы үшін оларға жұмыс беруді мемлекеттің басты міндеті санауы, аз қамтылған азаматтар мен көпбалалы отбасыларға жете көңіл бөлу қажеттігін баса айтуы қуантты. Қаралған қаражаттың оны қажет ететін әр отбасына, әрбір адамға жетуін өзі қатаң қадағалайтынын айтқан Елбасына оны тыңдағандардың риза болғанын анық сезінемін.

Шындығы керек, Елбасы айтқандай, өздеріне көмек қажет етіп отырғандар аз емес. Өзім халықтың аз қамтылған тобымен қоян-қолтық қызмет етіп жүргендіктен де олардың қажеттіліктерін анық ұғынатындықтан айтылған тапсырмалар мен міндеттердің ойдағыдай жүзеге асуын шынайы тілек етемін.

Елбасы, партия төрағасы : «... Мемлекеттің қуаттылығы экономиканың даму қарқынымен және тұрғындардың тұрмыс сапасымен өлшенеді. Сондықтан мен өзіме сенім артқан халқымның болашақта емес, қазір бақытты болғанын көргім келеді» деді. Осы бір тілек-ниет отандастарымды да риза еткеніне сенімдімін.

Алтынгүл БАЛПАНОВА,

Аққыстау ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz