Тігінші Әлия жаңа шеберхана ашты

Теңіз де тамшыдан құралады емес пе, үлкен іс бастау үшін алдымен кішкентай қадамдар жасалуы керек.

Еңбек ептілікті сүйеді. Айтулы кәсіпкерлерлердің өзі де бірден кәсібін дөңгелетіп әкетпеді. Оларды шыңдаған - ерік-жігерлері мен ертеңге деген сенімдері.

a

- Мен үшін бүгін - ерекше күн. Олай дейтін себебім, бала күннен бергі арманым ақиқатқа айналып, алғашқы жеке тігін ательемнің ашылу салтанатының куәсі болып отырсыздар. Бақандай екі дипломым бола тұра, нанымды осы кәсіптен тауып отырған менің ұсынысымды қабыл алған отбасыма алғысым шексіз,- деді жаңа ательенің иесі, Қамысқала ауылының тұрғыны Әлия Бекқалиқызы.

i

Қамысқала ауылында «Рахат» тігін ательесінің тұсауы кесілді. Бұрыннан да іске икемді, ел ішінде «тігінші Әлия» атанып кеткен оның бұл ісі көпті қуантты. Ашылу салтанатына жиналғандардың арасынан ауыл әкімі Рафиғат Әнуарбекқызы, аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрым Бекежанұлы, «Аққу» бөбекжай-бақшасының директоры Алма Жұмабайқызы және ауыл үлкендері Сәруар, Сәлия әжелер құттықтау тілектерін жолдап, оң баталарын берді. Ательенің лентасын Рафиғат Әнуарбекқызы мен Алма Жұмабайқызы қиды.

i

i

Жеке кәсіпкер жақында ғана «Бастау-бизнес» жобасы бойынша білім алған. Ол - «Еңбек және нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында жаңа кәсіп ашқан көпбалалы аналарға берілетін қайтарымсыз гранттың да үміткері. Қазіргі уақытта осы шеберхананы өз қаржысымен ашып отыр. Оның басты бағыты – киім тігу, жөндеу, тапсырысқа сай сапалы әрі жылдам қызмет ұсыну. Ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін қызмет көрсетуді қамтамасыз етумен қатар, киім тігу шеберханасының жұмысын жандандыру да жоспарында бар.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521