Мәуліт мерекесін атап өтті

Кеше аудандық «Жалын» мәдениет үйінде Мәуліт мерекесі аталып өтті.

Алла елшісінің туылған күні саналып, оған деген сүйіспеншіліктен туындаған мерекеге жиналғандарды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арманбек Махмутов құттықтады. Рухани шарада сондай-ақ облыс орталығындағы «Қажымұқан Мұңайтпасұлы» мешітінің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы, аудандық «Зинеден Құрасұлы» атындағы мешіттің бас имамы Бейбіт Мамырұлы адамзаттың асыл тәжі саналатын соңғы Пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сүннетін сүю иман келтірген әр үмбетті ізгілікке бастайтынын айтып, жиналғандарды жақсылыққа шақырды. Мерекеде салауат айтылды, «Аллаға шүкір», «Ассалаумағалейкум», «Өлшеулі өмір» атты әндер орындалды, «Уақыттың қадірі» көркемсөзі оқылып, "Заман ағып не қылсын" тақырыбында сахналық көрініс қойылды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Суретті түсірген Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521