Министрден алғыс алып мерейлері үстеді

Жақында Нұр - Сұлтан қаласында Қазақстан ауыл әйелдерінің II форумы өтті.

«Қазақстан әйелдерінің ауылды кешенді дамыту мен ТДМ-2030-дың орындалуына қосар үлесі» тақырыбында өткен форумға аймақ делегаттарын Атырау облысы әкімінің орынбасары, облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымы Айгүл Әжіғалиева, ал, ауданымыздан барған топты аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан бастап барды.

- Ауыл әйелдері форумы бүгінгі күні әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту саласында пікірлермен және тәжірибемен алмасуға арналған аса маңызды әрі тиімді алаң болды деп есептеймін. Әр облыстан келген делегат әріптестерімізбен танысып, тәжірибе алмасып, үлкен жиынның куәсі болдық, - дейді алған әсерімен бөліскен аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Индира Дүсіпқалиева.

kamazz

«Менің жетістігімнің тарихы» номинациясының жеңімпаздарынан «Ауыл әйелдерінің жетістікке жетуінің 100 тарихы» атты жинақ кітабы жарық көрген болатын. Бұл кітапта ауданымыздан «Жалын» мәдениет үйінің қызметкері «Аққайың», «Қамажай» би тобының жетекшісі Қамажай Зайнова да бар.

Форумда Халыққа қызмет көрсету сапасы да бағаланыпты. Аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Индира Дүсіпқалиева Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрінің алғыс хатымен марапатталса, Исатай ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Мейрамгүл Құрасова Қ.Р Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның ауыл әйелдері форумының ұйымдастару комитетінің төрайымының алғыс хатымен марапатталды. Ал, Қамажай Зайноваға Қ.Р Мәдениет және Спорт министрінің алғыс хаты табысталды.

Cерікбол Панабердиев

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521