bannerqaz

Нұрберген мен Айнұр облысқа жолдама алды

Дүйсенбі күні аудандық әкімдікте Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл LATYN qarpimen» тақырыбында мемлекеттік қызметшілер арасындағы байқаудың аудандық іріктеу кезеңі өтті.

Оған ауданнан бес мемлекеттік қызметші қатысты. Байқаудың мақсаты - латын әліпбиіне көшу мен латын графикасын енгізуді дәйекті түрде насихаттау, түсіндіру және бейімдеу. Қатысушылар бірінші бөлімде «Атқа міну мәдениеті» тақырыбы бойынша диктант жазса, кейінгі бөлімде әр үміткер бөлек-бөлек мәтіндер таңдап, оларды мүдірмей оқып шықты. Үшінші бөлімде таңдалған тақырыпқа сай диалог құрастыру тапсырылған болатын. Үш бөлімде де қатысушы үміткерлер зеректік танытып, қорытындысында қазылар алқасының ұйғарымымен аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрберген Утегенов пен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бағалау және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Айнұр Ерғалиева 25-қазан күні облыста өтетін байқауға жолдама алды.

Аудандық Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жадыра Жандолованың айтуынша, байқаудан күтілетін нәтиже - қазақ әліпбиінің латын графикасына түбегейлі көшірілуіне аудан мемлекеттік қызметшілерінің дайын болуы және ол жөнінде нақты насихат жұмыстарын жүргізу.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz