Өнербек – халықаралық айтыстың жүлдегері

"Байтақтан озып, бəйге алған" атты халықаралық ақындар айтысы өз мəресіне жетті.

Осы сында топқа түскен исатайлық айтыскер ақын Өнербек Дəулекенов үздік өнерімен көзге түсіп, үшінші орынды қанжығаға байлады. Өнербек алғашқы айналымда Батыс Қазақстан облысының ақын қызы Жансая Мусинамен сайысқа түссе, ақтық сында астаналық ақын Əсем Ережемен сәтті өнер көрсетті. Атырау облысынан бақ сынаған басқа айтыскерлеріміз ақтық сынға өте алмады.

Облыс намысын қорғаған жерлесіміздің жүлдесі құтты болсын!

Серікбол Панабердиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521