bannerqaz

Қойды да келіге өлшеп сата ма?

Жұмадағы жәрмеңкенің жайын білмек болып күрежолдың арғы бетіндегі ашық сауда алаңқайына бет алдық. Алаңқай дегенімізді аққыстаулықтар жақсы түсінетін шығар.

Не болса да аудан тұрғындарының осы жәрмеңкені асыға күтетіні рас. Таңның атысымен қос өкпесін қолына алып солай қарай жүгіретіндердің ішінде өкпелеп қайтатындары да аз емес. Олардың көбінің көңілін көншітпейтін жайт – бұндағы қымбатшылық.

g

Көліктен түскен бетте қой сатып тұрған бейтаныс жігітті әңгімеге тарттық. Әуелгіде қасымдағы фотограф ағайды көре салысымен «Қойыңыз қанша тұрады?» деген сауалымызға мән бермеген қой сатушы ақыры жауап алмай тынбайтынымызды сезсе керек, еріне тіл қатты:

- Қой сатылып кетті.

- Жалпы бағасын қанша деп тұрсыздар?

- Бағыландар 30, ал, қой 45 мың теңгеден.

- Сонда 45 мың теңгелік қой қанша келі ет шығарады?

- Қазіргі еттің құнын білесіз, соны қойдың келісіне шаққанда, осы бағаны шығарады, - деді жігіт.

g

Ерінімізді жымқырған күйі балық сатушыларға қарай бұрылдық. Өйткені, етке жағдайы жетпегендердің балықпен алданатынын білеміз ғой. Сөйтсек, оның да бәсі бақырып тұр екен.

- Ашылған сазанның құны 1 мың теңге. Мына тұрғанының бағасы 6 мың теңгеден асады, - дейді үлкендеу балықты көрсеткен сатушы апай. - Көксеркенің филесі 2 мың теңге тұрады. Не дегенмен көксерке ғой, - деді біздің таңырқаған түрімізден елемеген ол. Ал, аршылмаған сазанның (ол да кішкентай) келісі - 600 теңге тұрады екен.

Иә, бұл жәрмеңкеден не керектің бәрін табуға болады. Бірақ, қымбаттау. Келілеп сатылып тұрған қойыңның құны анау. Шарықтап бара жатқан балықтың бәсі де одан қалар емес.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz