Оның кәсібі - адамды құтқару

Оның кәсібі – адамды құтқару Өзінің бағалы ғұмырын адамдардың өмірі мен денсаулығын және қоғам мүлкін «тілсіз жаудан» арашалау қызметіне арнаудың өзі әркімнің қолынан келе бермейтіндігі анық. Құтқарушылар - күнделікті қызметінде басқаның өмірін құтқарып қана қоймай, өздерінің өмірін қауіп-қатерге тігеді.Әйтсе де, шарпыған жалын, қою қара түтін олар үшін аса қорқынышты емес. Өйткені, олар өз ісінің кәсіби мамандары болғандықтан, қауіпті де, тәуекелді де бір адамдай түсінеді.

Әсілінде, өрт сөндірушілер үшін атақ-даңқ пен марапат маңызды емес, олар өз ісінің шебер мамандары болғандықтан өздерінің таңдаған мамандықтарын жақсы көреді. Десе де, олардың жасаған ерліктері жайлы ешбір киноларда көрсетілмейді және де олар өздерінің жасаған ерліктерімен еш уақытта мақтанбайды да. Осындай қарапайым, женкешті батыл жан біздің үлгілі әріптесіміз, №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау қызметінің старшинасы Құбиев Баубек Аманжолұлы дер едік.

Жалпы, азаматтық қорғау органдарында 2011 жылдан бастап қызмет атқарып келе жатқан ол еңбек еткен жылдары өзінің қызметтік міндеттеріне жауапкершілік танытқандығы үшін бірнеше рет мемлекет тарапынан марапатталған маман.

Тұрақты түрде қызметке жаңадан қабылданған жас мамандарды тәрбиелеу ісіне аса мән беріп, өзінің тәжірибесімен бөлісіп те отырады.

Ағымдағы жылдың 13 тамызы күні 06 сағат 12 минут шамасында №6 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне тұрғындардан қоңырау шалынып, Тұщықұдық ауылы, Ж.Жабаев көшесі, №9 мекен-жайында орналасқан екі қабатты үйдің терезесінен түтін шығып жатқандығы жөнінде хабар келіп түседі. Дәл сол күні жауынгерлік кезекшілікте Баубек Құбиев болатын. Дабыл қоңырауы соғылып, өрт сөндіру автокөлігіне отырып, оқиға орнына аттанған ол оқиға орнына келген сәтте үйдің екінші қабатында көмек сұраған адамды көреді. Еш ойланбастан қарамағындағы қызметкерлерге үш иінді сатыны орнатып, екінші қабаттағы адамды қауіпсіз орынға шығару туралы бұйрық береді. Өзінің мол тәжірибесін пайдалана отырып, қауіпсіз орынға көшірілген зардап шегушіні тыныштандырып, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді.

Осылайша, өз ісін өте жақсы меңгерген әрі жауапты сәтте дұрыс шешім қабылдай білген Баубектей кәнігі мамандардың арқасында өрт оқиғасы кезінде адам өмірі құтқарылды. Бұл, әрине, өрт сөндірушілердің тікелей міндеті. Әйтсе де, қызыл жалып шарпыған сәтте ойланбастан өрт құшағына қойып кетіп, адам өмірі үшін жанын да беруге тайсалмай, қазіргі заманның батырына тән әрекет еткен әріптесімізбен біз әрқашан мақтанамыз, оны үлгі тұтамыз.

Нұрберген НАСИХАТ,

аудандық №6 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы,

азаматтық қорғау қызметінің аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521