bannerqaz

Партия атқаратын істер ауқымды

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы Исатай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Марат Мурзиевтің төрағалығымен аудандық партия филиалының актив жиналысы өткізілді.

Шараға аудандық партия филиалы саяси кеңесі мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, бөлім, мекеме, кәсіпорын басшылары, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысты. Жиында «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІІІ съезінде партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың міндеттері туралы мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезд делегаты, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айбатыр Бекішұлы баяндама жасап, онда партияның алдағы 10 жылға арналған 10 бағыттан тұратын бағдарламасы туралы, атап айтқанда, адамдардың әл-ауқаты мен толыққанды дамуы үшін жағдай жасау тәсілдерін жаппай қайта пайымдау, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелерді қамтыды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жарыссөзге қатысқан «Қамысқала» БПҰ төрағасы, ауылдық округі әкімі Рафиғат Тажиденова, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» басшысының міндетін атқарушы, «Жас Отан» Жастар қанатының белсендісі Ринат Есқалиев өз ой-пікірлерімен бөлісті.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz