bannerqaz

Өркенге жазғы су құбыры керек

Аққыстау ауылдық округінің Өркен елді мекені - соңғы уақытта қанатын кеңге жая түскен тұрақ.

Тек өткен жылдың өзінде мұнда бірқатар жұмыстар жасалынды, оның бәрі - ауыл тұрғындарының көз алдына жүзеге асырылған шаруалар. Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ғаділ Боранбаев қаңтардың 12-сі күні осы Өркен елді мекені тұрғындары алдында да жылдық жұмысынан есеп берді. Осындағы орта мектеп ғимаратында өткен жүздесуге 39 тұрғын келді. Аудандық құрылыс бөлімі басшысы Жұмажан Сыдихов, аудандық мәслихат депутаты Аманжол Рахметов, аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Ғафур Қарабалин арнайы қатысты.

Ауыл әкімінің есепті баяндамасынан кейін жарыссөзге алдымен шыққан тұрғын Райымбек Амиров ауылды көгалдандыру жұмысына көңіл бөлініп, ол үшін жазғы су құбырын тарту туралы ұсынысын білдірді. Ал, зейнеткер Зинекеш Баймұхашева елді мекенде медпункт жобасы биыл қарастырылған-қарастырылмағанын білгелі сауал тастады. Тұрғын Арайлым Сахипова мектеп оқушылары арасында, соның ішінде 8-сыныптан бастап, тәлім-тәрбие жөнінде іс-шаралар мен жиындарды көптеп өткізу туралы ұсынысын көлденең тартты. Ал, тұрғын Бейімбет Елеусинов орталық пен елді мекенді жалғастырып тұрған жаяу жүргіншілер көпірінде тәртіпті қадағалау керектігін, ауылда жасөспірім балалар үшін аяқдоп алаңының жоқтығын алға тартып, өздері тұратын аумақтарға қойылған қоқыс жәшіктеріне ауылдың өзге бөлігінен көлікпен әкеліп қатты қалдықтарды толтырып кетуді шешімін күтетін күрмеулі мәселе ретінде атап, көмектесуді сұрады.

Күн тәртібіне ұсынылған мәселе талқыланып, ұсыныс-тілектер зерделенген жиында округ әкімінің жыл ішіндегі жұмысына қанағаттанарлық деген баға беріліп, тиісті қаулы қабылданды.

Жоламан Дәулетияр

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz