Ұрпақтың қандай болуы – үйдегі тәрбиеден

Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жағымсыз ақпараттардан қорғау, теріс діни ағымдардың алдын алу, сонымен қатар оқушыны бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы негізінде 13-14 қазан күндері 2-4, 8-9 сынып ата-аналарына «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» тақырыбында республикалық конференция аудандық білім бөліміне қарасты барлық мектептерде ұйымдастырылды.

 

Конференция барлық білім беру ұйымдарында бір мезетте басталып, ата-аналардың, ұстаздар мен арнайы шақырылған қонақтардың қатысуымен өткізілді. Оны мектеп директорлары ашып, Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының Үндеу хатымен таныстырды. Барлық білім беру ұйымдарында ата-аналардың белсенділігімен жоғары деңгейде ұйымдастырылған конференцияны мектеп психологтары жүргізіп, әр тақырыпты арнайы дайындалған бейнекөріністермен қорытындылап отырды. Сондай-ақ, ата-аналарға сауалнамалар мен кітапшалар таратылып, тренингтер өткізілді.

Республикалық конференцияның ауданымыздағы жүру барысымен танысу үшін келген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкері, Отбасылық тәрбиелеу институтының спикері Бибінұр Мағауияқызы және Облыстық Білім беру басқармасы «Қазақстан геологі» емдеу пансионаты ҚКМК директорының орынбасары Шолпан Оңайқызы алдымен Аққыстау орта мектебінде конференцияның ашылуы- на қатысып, оқушылардың дайындаған сәлемдемесі және көрмесімен танысты. Мектеп психологы Светлана Қанатбайқызының жоғары дайындығына ризашылығын білдіріп, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар Өркен орта және Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептерінде де болды. Аталған мектептерде де елдік шараның ұйымдастырылуына жоғары баға берген қонақтар ата-аналардың белсенділігіне риза болды. Екі күнге созылған конференция жұмысына 2000-нан астам ата-ана қатысып, мектеп психологтарынан бала тәрбиесінде жіберуге болмайтын қателіктерді біліп, керекті мағлұматтар жинап қайтты. Ата-аналардың ұсыныс-тілектері тыңдалған шаралар соңы пікір алмасулармен аяқталды.

Шынар СИСЕНҒАЛИЕВА, Өркен орта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:

- Мектептерде сапалы білім болуы үшін саналы тәрбие берілуі керек. Бұл ретте мектеп пен ата-ананың бірлескен жұмысы нәтижесінде тәрбиелі де білімді, егемен елдің ертеңі болар азаматтар мен азаматшалар шығатыны даусыз. Бұл ата-анадан білімділік пен төзімділікті талап ететін үздіксіз үрдіс. Бала өмірінің алғашқы күнінен бас-тап ата-ананың негізгі борышы – балаға дұрыс тәрбие беру. Дұрыс тәрбие – тұлғаның қалыптасуының басты себепкері. Л.Н.Толстой айтқандай, «Ата-ананың ең бастапқы жіберетін қателігі – ол алдымен өзін тәрбиелемей тұрып, баланы тәрбиелеуінде». «21-ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» республикалық конференциясының негізгі мақсаты осыны ата-аналарға түсіндіру болатын және Өркен орта мектебінде өткен шара өз мақсатына жетті деп айта аламын.

Серік ӘУБАКИРОВ, аудандық мәслихаттың депутаты:

- Біздің ұл мен қызымыз өсіп келе жатқан гүл сияқты. Ата-ана қалай тәрбие берсе, есейгенде сол тәрбие сабақ болатыны белгілі. Балаға үлгі болу, дұрыс тәрбие берудің жолдарын осындай конференциялар арқылы көрсетіп тұрса, құба-құп болар еді. Біздің әрбір ата-ана алтын уақыттарын баласына бөлуге тырысуы керек. Мектепке барып, ұстаздармен жиі пікірлесуі керек. Бүгінгі конференцияға қатынасып отырған барлық ата-аналарға, ұстаздарға алғысымды айтамын. Алға қарай да осындай шаралар көптеп ұйымдастырыла берсін деген ойым бар.

Ринат ЕСҚАЛИЕВ,

аудандық білім бөлімінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521