« Samgau» бойынша 300 жас дәріс алады

«Samgau» жобасының келесі кезеңі де сәтті өтті.

Аудандағы ауыл тренерлерін дайындау кезеңінде Қостанай қаласынан келген ұлттық тренер, бақылаушы Асель Мазеновамен бірлесе Исатай аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ринат Есқали, ішкі саясат басқармасы Азаматтық орталығының Исатай ауданындағы маманы Анаргүл Құсайынова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің 3 курс студенті Айкөркем Нұрғалиқызы ауданның белсенді жастарын оқытып, тренерліктің қыр-сырын меңгертті.

samgau9

Исатай ауданының 7 ауылдық округінен жиналған белсенді ауыл тренерлерінің бастары тоғысқан жиында дәріс алушылар бейресми білім қағидалары, жұмысқа орналасу дағдыларын, тренерлік және менторлық қасиеттерді үйреніп, өмірге қажетті кеңестер жинақтады.

samgau5

Енді ауыл тренері атанғандар ауыл жастарына дәріс жүргізеді. Олар қараша айына дейін 300-ден аса аудан жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалануға жұмыстанып, жобаның мақсатына жетуге атсалысатын болады.

 samgau2

Естеріңізге сала кетейік, бұл жоба республикалық деңгейде аймақта алғаш рет қолға алынуда. Сондай-ақ шара «Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Жастар қызметкерлері» қоғамдастығының ұйымдастыруымен жүзеге асып жатыр.

Айкөркем НҰРҒАЛИҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521