bannerqaz

«Шаттық Отаны» шалқытты

Өткен аптада «Жалын» мәдениет үйінде Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы Атырау музыка колледжі ауыл тұрғындарына өнер ордасының 60 жылдығы мен елордамыз Астананың 20 жылдығына арналған «Шаттық Отаны» атты мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынды.

Концертте Ержан Қитаров көркемдік жетекшілік, Болат Долдашев дирижерлік ететін студенттік халық аспаптар оркестрі өз өнерлерін ортаға салды. Бағдарламада Құрманғазының «Сарыарқа», «Адай», Сейілхан Құсайыновтың «Мереке», Динаның «Әсем қоңыр», Сыдық Мұхамеджановтың «Шаттық Отаны», Ықыластың «Жезкиік»,Түр-кештің «Көңілашар», Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет», қазақ, орыс, шетел композиторларының шығармалары, халық әндері, күй тартыстар орындалды. Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы Атырау музыка колледжі Қазақстанның батыс аймағына кәсіби музыка мамандарын даярлайтын тұңғыш музыкалық білім ордасы 1958 жылы құрылған. Өзінің 60 жылдық тарихында жоғары кәсіби деңгейдегі өнердің талай саңлақтары мен шәкірттерін даярлап шығарған. Концертте аудан әкімінің орынбасары Н.Әбежан жергілікті өнерсүйер тыңдармандардың ықыласына бөленген музыка колледжіне аудан әкімі атынан Алғыс хатын ұсынса, ал аталмыш колледж директоры, өнертану ғылымдарының кандидаты, облыстық мәслихаттың депутаты Гүлнәр Сәдуақасова шынайы алғысын білдірді.

Аяпберген САЛИХОВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz