bannerqaz

Шебердің шеберлік сабағы

Жуырда Х.Ерғалиев ауылында Елбасының Жолдауын түсіндіру бағытында үкіметтік емес ұйымның мүшелері бас қосты.

Сол жиынға қатысқандардың бірі «Аналар үндестігі» үкіметтік емес ұйымның төрайымы Гүлсім Хантөреқызы рухани жаңғыру бағытына тоқталып, өзінің 50-ге келіп, тігін өнерімен айналысуды бастағанын, қай өнерді де болмасын білем деген адамға кеш болмайтынын атап өтіп, еңбекті сүюге ерінбей тер төгуге шақырды.

Өз кезегінде ауылдастарға бұл шақырудың әсері болмай қалмады. Жиын біте сала, тігіп, пішудің жолын білгісі келген жиынға қатысушылардың бірқатары Г.Биташевадан келесі жолы шеберлік сағатын өткізуді сұрағаны бар. Халықтың сұрағына жауап беріп, уәде еткен Г.Биташева тамыздың соңғы күні ауылға келіп шеберлік сағатын өткізіп, білсем деген құлшынысы бар 5-6 қыз-келіншекке тігіп-пішудің қыр-сырын үйретті. Қатысушылар әкелген маталарына сай өздеріне ұнаған көйлек, кәжекей, белдемше тікті. Ақылы түрде өткен шеберлік сабағы қатысушылардың көңілінен шықты.

 

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz