bannerqaz

Шекара режимі

Еліміздің шығысындағы шекара бойындағы тұрғындар Мемлекеттік шекараның қадiр-қасиетін, шекара сызығында жүріп-тұру, өзін-өзі ұстау тәртібін бұрыннан біледі, бұл олардың «қандарына сіңген» десе болады.

Алайда, оңтүстік және батыс бағытындағы шекара маңының тұрғындары арасында осындай тәртіптің маңызын саналарына сіңіру әлі де жүріп жатқан жайы бар.

Кеңестік кезеңде көршілес елдермен бір шаңырақ астында өмір сүріп, сауда-саттық, барыс-келіс еркіндігі болды. Егемендік алып, еліміз етек-жеңін қымтағаннан кейін ондай еркін қарым-қатынас тоқ¬тауы тиіс, тиісті заңдар аясында ғана жүзеге асуы қажет екендігін шекара бойында өмір сүріп жатқан ағайындарға түсіндіру жұмыстары әлі жалғасуда. Осыған орай, халықтың назарына төмендегідей шекаралық аймақта қолданылатын түсініктерді ұсынамыз. Шекара маңындағы әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағы шекаралық аймақ деп аталады. Осы аймақ үнемі шекара режимінде болады.

Шекара режимі – шекаралық аймаққа кірудің, онда уақытша болудың, тұрудың немесе орын ауыстырудың, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізудің белгіленген тәртібі. Шекара режимінің негізгі мақсаты Мемлекеттік шекараны қорғау үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы шекаралық аймақта белгіленген тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі шекаралық аймаққа кіретін жерлерде жол (ақпараттық) белгілерін орнатады. Шекаралық аймақта Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтеусіз, тұрақты пайдалануға инженерлік-техникалық құрылыстар мен бөгеуіштерді, коммуникацияларды, өткізу пункттерін және Мемлекеттік шекара инфрақұрылымының өзге де объектілерін жайластыру мен күтіп-ұстау үшін пайдаланылатын жер белдеулері (учаскелері) бөлінеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісілген жергілікті атқарушы органдардың ұсынулары бойынша шекаралық аймаққа кіретін шекара маңы аумақтарының тізбесі белгіленеді, онда Қазақстан Республикасының Үкіметі жекелеген режимдік шектеулердің қолданысын алып тастауы немесе тоқтата тұруы мүмкін. Шекара режимін бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жүзеге асырады.

Шекаралық аймаққа кіру

Қазақстан Республикасы азаматтарының шекаралық аймаққа кіруі жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруі жеке басын куәландыратын құжаттар және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі беретін шекаралық аймаққа кіруге арналған рұқсаттамалар бойынша жүзеге асырылады. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан шығу мақсатында өткізу пунк-тіне халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарымен барған жағдайда, олардың шекаралық аймаққа кіруі жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүргізіледі. Осы санаттағы адамдарға жүру маршрутын өзгертуге тыйым салынады.

Шекаралық аймақта уақытша болу, тұру және жүріп-тұру

Шекаралық аймақтағы адамдар жеке басын куәландыратын құжаттарын, сондай-ақ рұқсат беру құжаттарын үнемі өздерімен бірге алып жүруге тиіс. Қазақстан Республикасына оңайлатылған өткізу пункттері арқылы кірген шетелдіктер (шектес мемлекеттердің шекара маңы аудандарының тұрғындары) шекаралық аймақта жеке басын куәландыратын құжаттары және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі беретін арнайы рұқсаттамалар бойынша, егер Қазақстан Республикасының шектес мемлекетпен халықаралық келісімдерінде осылай көзделген болса, жүріп-тұрады. Шекаралық аймаққа кіруді, онда уақытша болуды, тұруды және жүріп-тұруды бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жүктеледі, олар шекаралық аймаққа кіретін жерлерді келісім бойынша белгілейді.

Шекаралық аймақта қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу

Шекаралық аймақта қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар ете отырып, жүзеге асырылады. Хабарламаны жоспарланатын іс-шараны тікелей ұйымдастырушы енгізеді және онда іс-шараның сипаты, орны, уақыты және оған қатысушылар саны туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жергілікті атқарушы органдардың немесе өзге де уәкілетті органдардың, сондай-ақ іс-шараны тікелей ұйымдастырушының атына шекаралық аймақта құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған қосымша шаралар қолдану бойынша ұсынулар енгізуге құқылы.

Шекара режимін бұзу

Белгіленген шекаралық аймаққа кіру (өту), онда уақытша болу немесе жүріп-тұру, шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу тәртібін сақтамау шекара режимін бұзу болып танылады. Шекара режимін бұзған тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген айыппұл сомасын төлейді.

Шекара қызметі бұрынғы тәртiпте жұмыс істей береді. Біздің негізгі міндетіміз – шекарамызды контрабандалық тауар айналымнан қорғау, есірткі өткізуге тырысатындарды анықтау, заңсыз миграция жолымен өтуге әре¬кеттенетіндердің жолын қию, биоресурстарымызды сақтау және қорғау болып табылады. Алтын құм салынған қаптың бір жеріне иненің жасуындай тесік пайда болса, ішіндегісі түгел сусып түспей ме? Мемлекеттік шекараның бойындағы жергілікті халық осыны мықтап есте ұстаса, шекарашыларға үлкен көмек болар еді.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz