Тоғыз отбасына – тосын сый

Адамдарға жақсылық жасауды парыз санайтын жандардың көп болғаны қуантады. Ауылдық округтердегі әлеуметтік қызметкерлер де сол санаттан.

Олардың игілікті іске қосып жүрген үлестерін ойға алғанда, Аққыстау ауылдық округіндегі әлеуметтік қызметкерлер Валя Ғұбашова мен Алтынгүл Балпанованың өтіп жатқан «Мектепке жол» акциясы барысында өз қамқорлықтарындағы жандарға көмек қолын созушыларды іздестіріп, сол үшін уақытпен санаспастан жүргендерін айтпай кетуге болмас еді. Соңында, бұған дейін де бұлардың ұсыныстарына қолдау танытып, Жаңа жыл мерекесінде үйден әлеуметтік қызмет көрсетілетін өз қамтуларындағы 9 баланы сыйлықсыз қалдырмай, қуанта білген ҚР Қызыл Ай қоғамы Атырау облысы бойынша филиалы директоры Әсия Құлжановаға хабарласқан. Филиал басшысы бұл жолы да қос қызметкердің жанашырлық әрекетін назардан тыс қалдырмады. Нәтижесінде оның ұсынысына «Ынтымақ» қоғамдастықты дамыту бағдарламасы аясында қолдау танытқан «Теңізшевройл» ЖШС аз қамтылған, күнкөрісі төмен, жартылай жетім, асыраушысынан айырылған және отбасында мүмкіндігі шектеулі балалары бар 9 отбасындағы 23 балаға 600 мың теңге көлеміндегі киім-кешекпен, оқу құралдарымен көмек жасап, толықтай қамтыды.

-Баланың қуанғанына жететін не бар? Барлық көмекті өзіміз барып алып қайтып, иелеріне табыстадық. «Жақсының жақсылығын айт...» демей ме, Әсия Нағимқызы секілді қайырымды ісі әркез атап өтуге тұрарлық жанға ризашылығымызды білдіріп, еңбегіне табыс, отбасына амандық тілейміз, - дейді қос құрбы.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521