bannerqaz

Томанда жаңа фельдшерлік пункт ашылды

Қазақстан Республикасы Конституция күні қарсаңында Исатай ауданында жаңа фельдшерлік пункт пайдалануға берілді. 

Томан елді мекеніндегі медициналық мекеменің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытгүл Хаменова қатысты. Исатай ауданы орталығы Аққыстау ауылдық округіне қарасты Томан елді мекенінде үш жүз жиырма алты тұрғын бар. Мұндағы қолдау тауып, жаңа ғимарат салынып, Конституция мерекесіне орай қолданысқа берілді. Ауылдастар бас қосқан фельдшерлік пункт кеңес үкіметінен қалған ескі орында болатын. Тұрғындар жиынында айтылған осы мәселе жергілікті биліктен жиынға аудан әкім Марат Мурзиев, облыстық денсаулық басқармасы басшысы Маншук Аймурзиева, Қазақстан Республикасы Парламеті Мәжілісінің депутаты Бақытгүл Хаменова қатысып жаңа нысанның лентасы қиылды.

tomanfap1

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Облыс әкімі, денсаулық сақтау басшыларының қолдауымен осындай игілікті шаралар қолға алынып жатыр екен. Бұл кішкентай дүние емес, түсіне білген жанға үлкен жұмыс. Құтты қоныстарыңыз болсы, ауырмайық, деніміз сау болсын.

Ерлан Қуанов, фельдшер: - Бүгінгі конституция күні қарсаңында мына Томан ауылдық округінде медпункітімізді ашып, үлкен қуанышқа кенеліп жатырмыз. Бұл халық үшін өте үлкен жаңалық деп ойлаймын. Томан ауылында үш жүз жиырма алты халық бар. Жасқа толмаған бала сан он балам бар және екі жүкті ана бар. Солардың барлығын күндіз-түні қарап осылай қызмет жолымды бастадым. Бес жыл бұрын келгем осы ауылға.

Шәкір Қожақов, Томан елді мекенінің ардагерлер кеңесі төрағасы: - Фельдшерімізді айта кетейін, фельдшеріміз жаман бала емес, күн шақырсақ та, түн шақырсақ та келіп, өзінің көмегін көмектесіп жатады. Аудан, ауыл әкімдеріне осы бекет тұрғындары атынан алғысымды білдіремін.

kamenobab

Жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытгүл Хаменова аудан орталығындағы тұрғындардың демалысына арналған Қазақ елі саябағында болып, ондағы жағдаймен танысты.

liseiii

«Шалғай ауыл халқы да ешкімнен кем емес, оларға да осындай әдемілік, оларға да демалыс орны керек» деп жергілікті биліктің атқарған жұмысын құптады. Онан соң аудан орталығында облыстық құрылыс басқармасы тапсырысымен Дап-Строй База LTD мекемесі салып жатқан үш жүз жиырма орындық оқу орны, жүз орындық жатақханасы бар лицейдің құрылысын аралап көрді. Қазір құрылыс жұмыстарының жетпіс пайызынан көбі біткен.

Өз тілшіміз

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz