Қылқаламшы қиялындағы туған жер

Ауданымыздың әуесқой суретшілері арасынан жас таланттарды анықтау мақсатында аудандық Жастар ресурстық орталығы және «Алтын тұғыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Исатай ауданының 90 жылдығына орай «Туған өлкем –Исатай» атты пленэр байқауы болып өтті.

Ардагерлер саябағында ашық ауада ұйымдастырылған шара таланттылардың дүниетанымын, қиял-ғажайып ойларын, шеберліктерін байқауды мақсат тұтты. Онда жас суретшілер байқаудың тақырыбына сәйкес өз туындыларын ұсынды. 18-29 жас аралығындағы әуесқой қылқалам шеберлері арасында өткізілген байқауға 10 үміткер өтініш білдіріп, 7 жас суретші қатысты. Олар – А.Махмудова, Б.Қонаров, Е.Сырымов, А.Сапаров, И.Ғатау, І.Қапизолла және А.Нұрмұханбетовалар. Жарыстың ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ахметжанова және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Махмудов қатынасты.

Қатысушылардың жұмыстарын бағалау Аққыстау орта мектебінің сурет пәні мұғалімі Л.Мүтиғоллақызына берілді. Суретшілер өздерінің салған туындыларын қорғап, пленэр байқауының тақырыбына сай үздік үш жұмыс таңдап алынып, арнайы тағайындалған жүлделер мен ақшалай сыйлықтардың иелері марапатталды. Жоба қорытындысы бойынша І.Қапизолла жарыс жеңімпазы атанса (20000 теңге), ІІ орынға А.Махмудова (15000 теңге) ие болды. Ал, ІІІ орын Қамысқала ауылдық округінің жас суретшісі А.Нұрмұханбетоваға (10000 теңге) бұйырды. Байқауға қатысып, шығармашылық қабілеттерін байқатқан қатысушы жастарға орталық атынан алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521