bannerqaz

Қырдағы ел ойдағымен араласты

Тұщықұдықтағы Ұлыстың ұлы күніне арналған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік шара наурыздың 20-сы күні сағат 10-да ауылдық мәдениет үйі алдындағы алаңда бастау алды. «Шынар-ай» би тобының орындауындағы «Қазақ биімен» тұсауын кескен шараға ауылдың үлкен-кішісі көп жиналды.

Жер-дүниеге жылылығын сеуіп, тұщықұдықтықтарға да қуанышты көңіл сый еткен әз Наурыз салтанатын ауылдық округ әкімі Мәди Өтеғалиев құттықтау лебізімен ашса, күмбір қаққан күй әуені аясында ұлттық киім киген әжелер шашуларын шашты.

Әрине, бұл жолы да ұлттық мереке ұлттық нақыштарымен айшықталды. Соның ішінде ұлттық тағамдар дайындаудан мекемелер арасында ұйымдастырылған сайыс соны бір көріністей көрінді деуге болар еді. Оның барысында Ж.Мырзағалиев атындағы орта, Чапаев бастауыш мектептері, «Құлыншақ» бөбекжай-балабақшасы, ауылдық емхана ұжымдары ережеге сай үйден дайындалған ет тағамдары мен наурыз көжелерін көпшілікке ұсынып, алаңқайдағы қазандықта бұрқырата бауырсақ пісіріп, самаурынмен шай қайнатты.

Наурыз салтанатының көпті риза еткен бір тұсы ретінде театрландырылған концертті айтсақ болар еді. Ол бірі Атырауда, бірі Х.Ерғалиев ауылында, енді біреулері Аққыстау, Жанбай, Нарын, Исатай, Зинеден ауылдарында тұратын бала-келіндерінің ауылдағы аналарын Наурыз мейрамымен құттықтай келіп, сый-сияпаттарын ұсынуымен байланыстырыла өрілді. Сөйтіп, концерт барысында оны тыңдаушылар ауыл өнерпаздарының орындауындағы «Ана туралы жыр», «Арыс жағасында», «Мама», «Әдемі-ау», «Сырласу», «Жаным қазақ», «Мерекелік арнау» әндеріне дуылдата қол соғып, облыс, аудан орталықтарындағы, ауылдардағы жағымды жаңалықтардан да құлағдар болып отырды.

Наурыздың жылы лебімен бірге жүректерге де жылылық жеткізгендей бір сәт Қыдыр атаның жинал-ғандарға бата беруі, осынау шырайлы шараның өтуіне белсене қатысушыларды, сайыс жүлдегерлерін марапаттау рәсімдері болды.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz