«Жас кәсіпкер» - жаңа мүмкіндік

Жақында облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында «Жас кәсіпкер» жобасы басталды.

kasipker23

Шараға аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов қатысты. Бұған дейін де әлеуметтік желіде бірнеше рет хабарланғандай, «Жас кәсіпкер» жобасына қатысушыларға іскерлік бойынша жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, нәтижесінде жеке кәсіп аша алатын жаңа мүмкіндіктер беріліп отыр. 18-29 жас аралығындағы арнайы білімі жоқ немесе білімі бар болса да жұмыссыз жүрген, сондай-ақ жаңадан кәсіп бастағанына әлі бір жыл толмаған жастарға арналған бұл жоба аясында курсқа оқытылады. 3 апталық курста оқығаны үшін 19273 теңге шәкіртақы да төленеді.

Нәтижесінде курсты тамамдағаннан соң жоба қорғап, бизнес ашуға алғашқы капитал ретінде 505000 тенгенің (200 АЕК көлемінде) грант ұтып алуға немесе жеңілдетілген пайызбен несие алуға болады. Тыңдаушыларға бизнес-жоспарлар жасақталып беріліп кәсіпті ашқандарға аудандық филиалдың менеджер-кеңесшілері жыл бойына сүйемелдеу жұмыстарын да жүргізеді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521