bannerqaz

«Айбас халқы дәрігерсіз қалмаса екен»

Қазіргі таңда бұл участокте дәрігер есебінде 291 адам бар. 1 жасқа дейінгі бала саны - 4, босану жасындағы әйел саны – 71, үй саны – 67 (жердің шалғайлығына байланысты кейбір Айбасқа қарасты тұрғындар Қызыл үй фельдшерінің қамтуында). Участокті аралағанда барлық үйді қамтығанда 1000-1100 шақырым жол жүріледі. Халықты аралау, дәрігерлік көмек көрсету, алдын алу егістері, жүкті ананы есепке алу, оны орталыққа келтіріп, дәрігерлік тексерулерден өткізу, рентгендік зерттеуден, скринингтен өту, жедел жәрдем шақыртуларды орындаудың бәрі фельдшердің міндеті болды.

Мен сол өңірдің жауапты фельдшері болғандықтан, қызметімді қолымнан келгенше атқара алдым деп ойлаймын. Тұрғындар еңбегімді бағалап, баталарын беріп отырды. Ай сайын елді аралап, дәрі-дәрмекпен қамтып, амандығын біліп тұрғанымызға қуанып-ақ қалатын. 25 жыл осы құм өңірі халқының арасында болдым. Тұрғындарым рентгенге 85-90 % түседі, сөзімді жерге тастап көрген емес. Медициналық пункт қысқартылды, одан кейін 2017 жылы фельдшер мекен-жайсыз қалды. 2018 жылы фельдшер орталыққа алынып, Айбастың жұмысы қоса жүктелді, соған байланысты басқа жұмысқа ауыстым. Өзім құмда өмірге келіп, осы халықтың арасында өскендіктен, маған бұндағы халық та өте қымбат.

Құм өңірінде халық саны 50 адам болса да оларға көмек керек, «денсаулығыңыз қалай?» деп сұрайтын жанашыр адам қажет. Халық қараусыз қалмаса екен. Әлі де болса, тұрғындарды жан-жаққа бөлмей, осы қалпы сақталса екен. Осыған басшылық тарапынан жұмыс жасалса.

Алуаш ҚАЙЫРЖАНОВА,

дәрігер.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz