Алпыс бес жастан кейін абай болыңыз

Егер жасыңыз 65-тен жоғары болса, тұмау ауыр салдарларға алып келе алады.

Зерттеулер көрсеткендей, тұмауға байланысты болған өлімдердің 80-90 пайызы жасы 65-тен асқан адамдардың арасында орын алады. Жас әрі денсаулығы мықты ересек адамдарға қарағанда, егде адамдарда тұмауға байланысты ауруханаға жатқызу қаупі де айтарлықтай жоғары. Бұл жас өскен сайын иммундық жүйенің әлсіреп, оның инфекциялармен, соның ішінде, тұмаумен күресу тиімділігінен айырыла бастауына байланысты болады.

Түйін

Халқымыздың «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деуінен-ақ қандай да дерттен сақтана білудің, оның жолдарын біле жүрудің маңыздылығын аңдаймыз. Біз әңгімелеп отырған тұмаудан адамдардың көпшілігі жылдам айығып кетеді делінгенімен, кейде тұмау қатты асқынып, соның ішінде, пневмонияға, бронхитке, тіпті, соңы өлімге дейін алып келуі мүмкіндігін естен шығармай, әруақыт оның алдын алу қажеттігін ойға ала жүрелік.

Бақытгүл ҚАРТМАҒАНБЕТОВА,

аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521