Коронавирус жайлы күтпеген мәлімдеме жасалды

Sputnik сайтының жазуынша, қытай ғалымдары коронавирусқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасаған.

Коронавирус тараған Ухань қаласындағы университеттің ғалымдары емделіп шыққан адамдар өмір бойы осы аурудың зардабын тартуы мүмкін екенін айтқан. Сайттың жазуынша, коронавирустық инфекция адамның өкпе тіні мен иммунды жүйесін зақымдайды, - деп хабарлайды "Аргументы недели" басылымы. Бұл дегеніміз, коронавирустан емделген адамның денсаулығы болашақта да сыр беруі мүмкін. Чжуннань ауруханасының қызметкері Пэн Чжиюн аурудан айыққан пациент өмір бойы демікпеден зардап шегетінін түсіндірді. "COVID-19" вирусының организмге әсері ОРВИ мен СПИД-тің комбинациясына ұқсайды. Ол аурудың ерте сатысында, ең алдымен, өкпені қорғау керек екенін айтқан.

Бұдан біз коронавирустің өте қауіпті ауру екенін байқаймыз. Қазір мемлекетіміз тарапынан халықты қауіпті аурудан қорғаудың тиянақты шаралары қолға алынуда. Ең бастысы, коронавирусқа қатысты ахуал елімізде бақылауда ұсталып отыр. Сондай-ақ, әркімде таза ауада көбірек жүріп, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болуы керек. Сақтана білген сау жүреді.

Мамандардың ескертуінше, адамдар өзін-өзі емдеумен айналысуға мүлдем болмайды. Аурудың белгісі байқалған жағдайда, еш кідіріссіз медициналық көмекке жүгінуі қажет.

Аяпберген САЛИХОВ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521