bannerqaz

Тамақтанудың да өз тәртібі бар. Ол жайлы не білесіз?

Адам денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан оған ерекше көңіл бөлген жөн, тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.

Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жақсаруына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді. Сондықтан да дұрыс тамақтану ережесін сақтауымыз керек.

Cонда не істеу керек дейсіз ғой? Мәселен, үстелдің басында отырып тамақтану қажет. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады. Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтау керек.

Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес мезгіл қабылдаған жөн. Көбіне ескере бермейтін тағы бір жайт, тамақтанудан соң дереу шай ішуге болмайды, себебі шайдың құрамында темірді ыдырататын заттар болады, оның орнына шырын ішкен дұрыс.

Таңертеңгі асты мұқият қабылдау керектігін де ұмытпаңыз. Егер адам 10-12 сағат аралығында тамақ қабылдамаса, онда ағзада қант азайып кетеді. Және мынаны ескеріңіз: ертеңгі асты ішпесеңіз, түскі асты артығымен қабылдайсыз, нәтижесінде асқазанға ауыртпалық түсіресіз.

Ал, дұрыс тамақтану шарттарын айтар болсақ, тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс. Мысалы, тамақ рационында дәрумендер, тағамдық талшықтар боғаны дұрыс. Тамақ нәрлілігінің адамның жасына, мамандығына, денсаулық күйіне, табиғи-климаттық жағдайларына сәйкестігі, тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау да қажет.

Тағамдардың санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керектігін де ұмытпаңыз.

Ақмарал ИЗТИЛЕУОВА,

«АОСӨСҚО» ЖШС-нің Исатай аудандық филиалы дәрігері

Сурет: ашық дереккөзден

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz