Тегін дәрінің «носы» бар

«Шаншардағы» Уәлибек айтқандай: «Бұрын, біздің кезімізде, баланы «доғдыр келе жатыр» деп қорқытатын едік, қазір доғдырды «бала келе жатыр» деп қорқытатын болдық».

Әйтеуір, ауру адам көп, аурудың түрі де көп, берілетін дәрі де көбейіп тұр.

Қазір дәрі ішпейтін адам кемде-кем. Сосын да болар, не көп - дәріхана көп. Үкімет есепте тұратын науқастарға тегін дәріні аяп жатқан жоқ. Бірақ, оның бір «носы» болып тұрғаны.

Шыны керек, ішіп жүрген дәрілерің кейде болмай қалады. Сондайда дәрігерлер оның орнын алмастыратын дәріні ұсынады. Амалсыздан аласың, онысы біреуге жақса, біреулерге жақпай қалып жатыды. Тіпті, кейде ешқандай әсері де болып жарытпайтын әлгі алмастырушы дәрілерді «сіздерге бөлінген дәрі» деп бес-он қораптан бір пакет қылып беріп жатады. Онысын бастапқыда ішіп көресің де не жақпауы, не әсері болмауы себепті тоқтатасың. Ақырында керек дәріңді сатып алып, ішуіңе тура келеді. Оны өзім де бастан өткеріп жүргендіктен білемін.

Кейде тегін дәрінің орнына біздерге зейнетақыға дәрі үшін деп бес-он мың теңге қосса дейсің. Өйткені бәрібір сатып алып ішудеміз ғой. Ал әлгі пакет-пакет алмастырушы дәрілерді отқа тастауға мәжбүрміз. Былай қарағанда, үкімет сол пайдасы жоқ сапасыз дәрілер жасауға миллион-миллиардтап қаржы бөліп жатыр, ал оны өртеп құтыламыз. Сондайда есіл ақшаны отқа жағып жатырмыз-ау деп ішің удай ашиды.

Мұстажап АЯШҰЛЫ,

зейнеткер.

Жанбай ауылы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521