«Үш сусын - жүректің жауы». Кардиохирург кеңес берді

Білікті кардиохирург Ермағамбет Қуатбаев жүрек ауруы неден пайда болатынын, оның қалай алдын алу қажеттігін, энергетикалық сусынның адам ағзасына несімен қауіпті екенін Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып беріпті.

Сұхбатта ол энергетикалық сусынды мүлдем ішпеу керектігін айтады. Және оның пікірінше, бұл жүрекке артық салмақ түсіріп, денсаулыққа кесірін тигізетін көрінеді. "Энергетикалық сусынды мүлдем ішпеген дұрыс. Себебі, олардың құрамында глюкоза яғни қант өте көп, әрі бұл сусындар газдалған болып саналады, концентраты да бар.

Энергетикалық сусын адам организміне кері әсерін тизігіп, жүректің соғуын өзгертеді. Кофені аз мөлшерде ішуге болады. Бірақ оны шектен тыс ішуге кеңес бермес едім. Жалпы уақытында тынығып, уақытында жұмыс істеу керек" деп Ермағамбет Қуатбаев сөзін түйіндеді.

jurek

Ермағамбет Қуатбаев, жүректің жауы темекі мен майлы тамақ екенін де атаған. Сондықтан адам қан қысымы мен ағзадағы холестериннің мөлшерін өлшеп отыруы керек екен.

"Жүректің бірінші жауы – темекі. Ол жүрек қан-тамырларының тарылуына алып келеді. Ағзада холестерин мөлшері жоғары болса, бұл да жүрек жұмысына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар ішімдікті тым көп ішетіндер де, жүрек ауруына шалдығуы мүмкін. Сондықтан адам жылына бір рет болса да кардиологқа немесе терапевтке қаралуы қажет" дейді дәрігер сұхбатында.

Кардиохиругтің айтуынша, жүрек ауруының үш себебі бар екен. Біріншіден, жүректің тума сырқаты, екіншіден жоғары қан қысымына қарамастан, жүрек ауруын асқындырып алу. Ал үшіншісі, аз қозғалып, майлы тамақ жеу. Сондықтан кардиохирург салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.

arak

"Дұрыс тамақтанбай, майлы тамақ жейміз. Аз қозғаламыз. Салдарынан ағзадағы холестериннің мөлшері көтеріліп, артық салмақ пайда болады. Бұл адамның денсаулығына зиянын тигізеді. Жүрек аурулары пайда болуы мүмкін. Егер дұрыс тамақтансақ, организмдегі холестериннің мөлшерін бақыласақ, спортпен шұғылдансақ, темекі шекпесек, дерттің алдын алуға мүмкіндік бар" дейді Ермағамбет Қуатбаев.

Айта кетейік, Ермағамбет Қуатбаевтың кардиохирургия саласында еңбек етіп жүргеніне 16 жыл болыпты. Ол 2003 жылы Түркияның астанасы Анкарада мамандығы бойынша білімін шыңдаған. Қазір білікті кардиохирург Шымкент қаласындағы кардиоорталық директорының міндетін атқарады.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521