Арбол ретро-фестивальдың жеңімпазы атанды

Нариман Үлкенбайұлы атындағы Тұщықұдық ауылдық мәдениет үйінде ауыл әндерінен аудандық ретро-фестиваль өтті.

retrofes

Ретро-фестивальды сөз сөйлеп ашқан ауыл әкімі Мәди Өтеғалиев алдымен кештің мақсатына тоқталып, содан соң бұл шараға қолдау білдірген азаматтарға алғысын білдірді. Округ әкімі бұл фестивальға қаржылық қолдау білдірген Нариман Үлкенбаевтың ұрпақтары бірінші, «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының екінші, ауданның Құрметті азаматы Жанай Беркалиевтің ұрпақтары үшінші орындарға ақшалай жүлде тіккенін айтты. Ал, шараның басқа да жұмыстарының шығындары мен сайыскерлердің кейбіріне ынталандыру сыйлығын жомарт жігіттердің бірі, аудандық мәслихат депутаты Әнес Сидеғалиев өз міндетіне алыпты.

retrofest

retrofesti

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы мен Жастар жылына арналған ән байқауының бір ерекшелігі орындалатын әндер ауыл тақырыбында болуы тиіс екен. Ал сайыстың екінші бөлігінде әншілер еркін тақырыпта қалаған әндерін шырқай алады.

retfes

Ән байқауында 10 өнерпаз бақ сынады. Жарыс қорытындысында Нарын ауылының әншісі Қазбек Ниғметов үшінші орын мен 50 мың теңгелей қаржылай сыйлықты қанжығаласа, Тұщықұдық ауылының өнерпазы Меңдібек Жұмағалиев екінші орынға қоса 75 мың теңгелі болды. Ал, қамысқалалық Арбол Әміржанов жарыс жеңімпазы атанып, Нариман Үлкенбаев жүлдесіне тігілген 100 мың теңге ақшалай сыйлықты иеленді. Х.Ерғалиев ауылы атынан сынға түскен Амангелді Панабердиев, тұщықұдықтық Айкөркем Сүлейменова және жанбайлық Гүлзира Тұяққызына ынталандыру сыйлықтары табысталды.

fesret

Серікбол Панабердиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521