Атырауда Р.Отарбаев шығармасының премьерасы өтті

- Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрында БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жалғыздық» шығармасының премьерасы өтті, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

sacna2

Премьераны тамашалауға БАҚ өкілдерімен қатар, жазушының жары Сәуле Отарбаева қатысты. Қойылым Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ республикалық театр фестивалі аясында сахналанды. Қоюшы режиссері – Махамбет атындағы облыстық драма театрының Бас режиссері Мұқанғали Томанов. Оның айтуынша, Отарбаевтың «Жалғыздық» әңгімесінің жазылу стилі өзгеше, терең дүние.

sacna3

- Қойылымда В.Высоцкий әндері пайдаланылады. Мұнда сөзі аз болғанымен иірімдері жетерлік. Қойылымның ерекшелігі – жан дауасын іздеп келетін жолаушыны қарсы алатын топтасқан «Адамдар» легінде. Ал, өзектілігі – бес күндік жалған ғұмырдың әр сәтін бағалай білуде, - дейді Мұқанғали Томанов.

Айта кетейік, 18-22 қараша аралығында Атырау қаласында Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ республикалық театр фестивалі өтеді. Фестивалге еліміздің 9 театр ұжымы қатысады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521