bannerqaz

Балғын өнерпаздарға марапаттар ұсынылды

Өткен аптада Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің оқу жылындағы жұмыс жоспарына сәйкес есептік концерті болып өтті.

m

Онда мектептің 19 түлегіне бітіруші куәлігі берілді. Аптаның дүйсенбісінде сол шараның жалғасындай мектепті үздік аяқтаған және шараларға белсене қатысып жүрген оқушыларға мақтау қағазы мен грамоталары табысталды.

m

- Музыка мектебінің мақсаты мен міндеті жеке оқушыға музыкалық аспапты меңгерту, ойнау шеберлігін дамыту болып табылады. Оқу жылының соңында ата-аналарға оқушылардың есептік концертін ұсынып, жылды қорытындылаймыз, - дейді саз мектебінің директоры Ербол Ақтан. - Қазіргі уақытта музыка мектебінде 262 оқушы білім алуда. Оқушыларға домбыра, қобыз, сырнай, халық әні, фортепиано, бас қобыз аспаптары бойынша дәріс беріледі. Жыл бойына оқушыларымыз көптеген халықаралық, республикалық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр, - дейді ол балғын бөбектердің өнеріне тәнті кейіпте.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz